

Nebosh IGC
International General Certificate in Occupational Health and Safety
Әмбебап қамту
Оқу бағдарламасы қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы тақырыптардың кең ауқымын қамтиды, сондықтан алынған білім кез келген салада қолданылады.
Халықаралық тану
Бұл біліктілік көптеген елдердің мемлекеттік және салалық ұйымдарында танылады, бұл сертификат иесінің жұмыс берушілер үшін тартымдылығын арттырады.
Практикалық дағдыларға назар
NEBOSH IGC бағдарламасы практикалық дағдыларды бағалауды көздейді, бұл өндірісте қауіптерді бағалау мен басқару құралдарын бірден қолдануға мүмкіндік береді.
Өткізу формасы
Онлайн қашықтан оқыту
Өндірістен ішінара қол үзіп, күніне бірнеше сағат сабақпен, жалпы ұзақтығы кемінде 10 оқу күні
Демалыс күндерімен қоса екі апта бойы өндірістен қол үзіп күндізгі оқыту
Сертификаттау
NEBOSH IGC халықаралық сертификатын алу үшін екі емтихан тапсыру қажет
IG1 модулі бойынша емтихан
Плагиатқа жол бермеу бойынша қатаң қағидалар сақталған жағдайда кез келген ақпарат көзін пайдалану мүмкіндігімен қашықтан өткізіледі. Тапсырмаларды орындауға және орындалған жұмысты онлайн жүйеге жүктеуге 24 сағат беріледі. Бұл емтихан еңбекті қорғауды басқару жүйелерінің әртүрлі элементтері туралы білімді бағалайды және аналитикалық тәсілді талап етеді.
IG2 модулі бойынша емтихан
Іс-шаралар жоспарын әзірлеумен қатар қауіптерді толық бағалауды қашықтан орындауды көздейді, оған 10 жұмыс күні беріледі.
Емтихан тапсыру нормативтері
Өте жақсы:
75 балл және одан жоғары
Жақсы:
65 – 74 балл
Қанағаттанарлық:
45 – 64 балл
Курс мазмұны
IG1 модулі: Еңбекті қорғауды басқару
- Элемент 1Еңбекті қорғауды тиімді басқарудың негіздері
- Элемент 2Еңбекті қорғауды басқару жүйелері
- Элемент 3Процестер мен адам факторын ескере отырып қауіптерді басқару
- Элемент 4ЕҚҚ саласындағы қызмет тиімділігін бақылау және бағалау
IG2 модулі: Қауіптерді бағалау
- Элемент 5Физикалық және психологиялық денсаулық
- Элемент 6Тірек-қимыл жүйесінің денсаулығы
- Элемент 7Химиялық және биологиялық факторлар
- Элемент 8Жұмыс орындары қауіпсіздігінің жалпы мәселелері
- Элемент 9Өндірістік жабдық және механизмдер
- Элемент 10Өрт қауіпсіздігі негіздері
- Элемент 11Электр қауіпсіздігі негіздері